Ертең, 29 тамызда Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында «Барселона» футбол клубының академиясының ресми ашылуы өтеді.
Аты аңызға айналған футболшы Роналдиньо, Карлес Пуйоль және Ривалдо аталмыш академияның ресми ашылуына қатысады.
Ал, 30 тамызда «Барселона» футбол клубының аңыздары Бішкек қаласындағы Д.Өмірзақов атындағы стадионда Орталық Азия футболының аңыздарына қарсы ойын өткізеді.
Сонымен қатар ойынға «Барселонаның» бұрынғы ойыншылары Джулиано Беллетти, Людовик жюли, Де Бур Рональд, Серхи Бархуан, Джованни да Сильва, Хуан Карлос Родригес және Хуан Антонио Гойкоэчеа қатысады.
Айта кетсек, бұл каталондық клубтың ТМД елдерінің арасындағы алғашқы академиясы.
![]()



















