Жапония жағалауында су астындағы жанартау атқылауы нәтижесінде тағы бір жаңа арал пайда болды.
Бұл әлемнің түкпір түкпірінен ғалымдардың назарын бірден аударды.
Токиодан оңтүстікке қарай 1000 шақырым жерде Тынық мұхитындағы Огасавара аралдары тізбегіндегі бұл арал 1 қарашада пайда болған.
Жапонияның метеорологиялық агенттігі — JMA 21 қазаннан бері бұл аралда жер сілкіністері жиі тіркеліп, кейін жанартау атқылағанын хабарлады.
Бұл теңіз астындағы жанартау кратеріне жақын жер 1986 жылдан бері аймақта пайда болған алғашқы арал. Жанартау атқылауын жалғастыруда, шенеуніктер аймақта түтін мен ірі күл жағдайы туралы халықты ескерткен.
Ғалымдар арал фреатикалық жарылыс нәтижесінде пайда болды деп санайды.
The Guardian хабарлауынша, биылғы жылдың басында жүргізілген цифрлық картадан кейін Жапонияның айналасында 7 мыңға жуық жаңа аралдар табылған.



















