Армения үкіметі Әзірбайжан Республикасымен кезекті қақтығысты болдырмау мақсатында даулы төрт ауылды Бакуге қайтарды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Армения Әзірбайжанның Қазақ ауданына іргелес төрт ауылдың бақылауын Бакуге тапсырды.
Даулы төрт ауыл отыз жылдан астам уақыт бойы Арменияның бақылауында болған.
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян өткен айдың соңында ауылдарды бақылауды Әзірбайжанға беруге дайын екенін мәлімдеп: «Біздің саясатымыз – соғыс бастау емес, оның алдын алу. Сондықтан, біз осы аймақта дәлірек шекара сызығын сызуға келісуге шешім қабылдадық. Біз мұны Армения Республикасының игілігі үшін ғана емес, сонымен қатар аймақтағы ауылдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасаймыз», — деді.
Пашинян бұл мәселе шешілмесе, Баку мен Ереван арасында тағы бір қақтығыстың болатынын мәлімдеп, Ереван үшін маңызды осы ауылдарды Әзірбайжан Республикасына қайтаруға бірнеше рет ниет білдірген болатын.
Қазақ ауданы – Әзірбайжанның солтүстiк-батысындағы Гәнжә-Қазақ жазығында орналасқан.



















