Eurasiatoday
Понедельник, 23 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Тегеран мен Ереван арасындағы тарихи байланыс жаңа серпін алды

  • Әлем, Батыс Азия, Сарапшы пікірі, Саясат
  • 9 июля, 2026 18:40

Loading

Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның Иранға жасаған жұмыс сапары екі ел арасындағы тарихи әрі бауырластық байланыстың сабақтастығын тағы дәлелдеді.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның Иранның Жоғары көшбасшысы аятолла Әли Хаменеимен қоштасу рәсіміне қатысу үшін Тегеранға барған сапары екі мемлекет арасындағы тарихи, достық және бауырластық қарым-қатынастың сабақтастығын айқын көрсетеді.  Бұл туралы  ирандық халықаралық сарапшы, Кавказ мәселелері жөніндегі маман Эхсан Мовахедиан “Арменпресс” агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Сарапшы: “Премьер-министр Никол Пашинянның Иранға сапары Тегеран мен Ереван арасындағы тарихи, достық әрі бауырластық қарым-қатынастың сабақтастығын айқын көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, кез келген түсініспеушіліктердің алдын алу немесе екіжақты байланыстарға нұқсан келтіруді көздейтін үшінші тараптың араласуына жол бермеу үшін екі мемлекеттің тығыз ықпалдастықта болуы, тұрақты кеңесулер мен тікелей кездесулерді жиілетіп отыруы аса маңызды”, -деді.

Мовахедианның пікірінше, бұл сапар Ереванның Иранның қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі мен әлеуетін терең түсінетінін айқын аңғартады. Мовахедиан: “Армения билігі Иранның екі бірдей ірі соғыстан кейін ерекше төзімділік танытып, ядролық қаруы бар екі бірдей мемлекеттің қысымына төтеп бере алғанын жақсы түсінеді. АҚШ пен Израильдің жоспарларына қарамастан, Иран Сирия немесе Ливияның тағдырын қайталамады. Керісінше, Иран қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі ықпалды державалардың біріне айналды”, -деп мәлімдеді.

Сарапшы Тегеранның аймақтық және жаһандық ықпалы артып келе жатқанын ескере отырып, Иранмен қарым-қатынасты одан әрі нығайту Ереванның халықаралық аренадағы ұстанымын күшейтуге ықпал етуі мүмкін деп есептейді. Екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына тоқталған Эхсан Мовахедиан Пашинянның Тегеранға сапары барысында экономикалық, саяси және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланғанын атап айтты. Сарапшы Армения мен Иранның Сюник аймағында жүзеге асырылып жатқан бірқатар инфрақұрылымдық жобалар аясында тығыз ынтымақтастық орнатып отырғанын атап айтты.

Мовахедиан жуырда екі елдің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен іргетасын қалау рәсімі өткен Каджаран туннелінің құрылысы мен жаңғырту жұмыстарын мысалға келтіріп: “Иранның бұл жобаны тиімді жүзеге асыру үшін тәжірибесі, техникасы мен жабдықтары бар. Сонымен қатар,  автожолдың Каджаран туннелінен Ереванға дейінгі қалған бөлігі де құрылысты мүмкіндігінше тезірек аяқтау үшін ирандық компанияларға беріледі деген үміт бар”, -деді.  

Сондай-ақ, сарапшы  Иран Армения аумағы арқылы Грузия мен Қара теңізге шығатын бағытты сенімді әрі қауіпсіз транзиттік дәліз ретінде қарастыратынын айтты. Оның айтуынша, бұл бағыттың әлеуетін толық пайдалану үшін инфрақұрылымды жаңғыртуға тұрақты инвестициялар қажет.  Мовахедиан “Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолындағы Трамп бағыты”   жобасына да тоқталып, Тегеранның Оңтүстік Кавказда АҚШ-тың белсенділік таныту ықтималдығына алаңдаушылықпен қарайтынын баса айтты. Сарапшының пікірінше, Арменияның қырағылық танытып, Иранмен тұрақты кеңесулер жүргізуі екі ел арасындағы өзара сенімді сақтауда маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, Эхсан Мовахедиан Армения мен Иран арасында жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюдың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, мұндай құжат екі ел арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Сарапшы сөзінің соңында: “Экономика, саясат, қауіпсіздік және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейтін мұндай келісім екіжақты қарым-қатынастың дамуын едәуір жеделдетеді. Оның жақын арада жасалатынына шын жүректен үміттенемін”, -деді.

Айта кетейік, Иран Ислам Республикасының Армениядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Халил Ширғолами кеше, 8 шілде күні өткен баспасөз мәслихатында Армения мен Иран арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қою екіжақты қарым-қатынасқа жаңа серпін беретінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл құжат саяси, экономикалық, инвестициялық және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Тақырыпқа орай:

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
FacebookTwitterWhatsApp
Tags: АрменияиранНикол ПашинянТарихи байланыс
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

19.11.2026
Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

19.11.2026
Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

17.11.2026
Иран америкалық ұшқышсыз ұшу аппаратын қолға түсірді

Иран америкалық ұшқышсыз ұшу аппаратын қолға түсірді

17.11.2026
Иран мен Ауғанстан сауда-экономикалық әріптестікті нығайта түспек

Иран мен Ауғанстан сауда-экономикалық әріптестікті нығайта түспек

16.11.2026
Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылып, өртке оранды

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылып, өртке оранды

14.11.2026
Пак-Айин: АҚШ-тың Иранға қарсы құрлықтағы жоспары сәтсіздікке ұшырайды

Пак-Айин: АҚШ-тың Иранға қарсы құрлықтағы жоспары сәтсіздікке ұшырайды

13.11.2026
Иран желтоқсан айында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізеді

Иран желтоқсан айында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізеді

13.11.2026

Басты жаңалықтар

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026
Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Иранның шейіт Көшбасшысы Мешһедтегі Имам Реза кесенесінде жерленді

Иранның шейіт Көшбасшысы Мешһедтегі Имам Реза кесенесінде жерленді

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.