Ирандық технологиялық компаниялар Мәскеудегі химиялық өнімдер көрмесіне қатысып, өз өнімдерін таныстырды.
Евразия Тудейдің Noor News агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Иранның технологиялық компаниялары Мәскеуде өткен химиялық өнімдер көрмесіне қатысып, химиялық заттар, полимерлер, тоқыма, шыны талшықтары мен өндірістік техника саласындағы ғылыми-инновациялық өнімдерін көрсетті.
Биыл Мәскеудегі «Полиуретан-2024» 15-ші халықаралық көрмесіне әлемнің 17 елінен 1200-ден астам компания қатысты.
Көрмеде ирандық компаниялардың технологиялық өнімдері ресейлік компаниялардың ерекше қызығушылығына ие болды.
Ресейдің «Диафор» компаниясының вице-президенті Илья Волков Иран мемлекеттік телерадио бірлестігіне берген сұхбатында ирандық компаниялармен мұнай және газ құбырлары саласында ынтымақтастық орнатылғанын атап өтті.
Илья Волковтың айтуы бойынша, екі ел арасындағы серіктестіктің жүзеге асқанына екі жылдан аса уақыт өткен.
Вице-президент сұхбатында дайын өнім шығару үшін Иранның техникалық білімі мен шикізаты пайдаланылатынын атап өтті.
Ресейде жыл сайын ұйымдастырылатын «Полиуретан» көрмесі — полиуретанды материалдар, технологиялар мен жабдықтар жетістіктерін танытудағы халықаралық мамандандырылған көрме. Көрме — жаңа іскерлік байланыстар мен серіктестіктер орнатуға ықпал етуге арналған.



















