Мәскеу қаласында ирандық баспалардың қатысуымен халықаралық кітап көрмесі ашылды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, кеше, сәрсенбі, 3 қыркүйек күні Мәскеудегі “Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі” павильонында 38-ші Мәскеу халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ашылды.
Шараға Ресейдің әртүрлі аймағынан, сондай-ақ Иран, Беларусь, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Солтүстік Кореядан келген 300-ден астам баспа мен кітап сауда компаниялары қатысуда.
Көрмеге ирандық баспалардың таңдамалы шығармалары ұсынылды.
Иран стендін Иранның кітап және әдебиет институты осы елдің Ресейдегі мәдени өкілдігінің көмегімен ұйымдастырды.
Иранның Ресейдегі мәдени өкілі ИРНА агенттігіне берген сұхбатында стендте “Ирантану”, “Парсы тілін зерттеу”, “Исламтану”, “Өнер”, “Классикалық және заманауи әдебиет” және “Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті” тақырыптары бойынша ирандық әртүрлі баспаның 320-дан астам кітап жинағы ұсынылғанын айтты.
Көрме 7 қыркүйекке дейін жалғасады.

















