“Росатом” компаниясының басшысы Алексей Лихачев Бушер атом электр станциясы қазіргі уақытта қалыпты жұмыс істеп тұрғанын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, “Росатом” басшысы Алексей Лихачев Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс Бушер атом электр станциясының бірінші блогының жұмысы мен екінші және үшінші блоктарының құрылыс процесіне әсер етпегенін айтты.
Алексей Лихачев сейсенбі күні ресейлік БАҚ-тың Америка Құрама Штаттарының әскери соққысынан Бушер атом электр станциясының жаңа блоктарының құрылыс процесіне әсер етті ме деген сұраққа: “Жоқ, соққылар бұл процеске әсер еткен жоқ. Бұл электр станциясының жаңа қондырғыларының құрылысы қалыпты түрде жүріп жатыр”,- деп жауап берді.
Лихачевтің айтуынша Бушер атом электр станциясы осы уақытқа дейін 75 миллиард киловатт сағаттан астам электр қуатын өндірді.


















