1978 жылы қуаты 7 мың МВт болған Иранның электр энергетика саласы бүгінде 94 846 МВт-қа жетіп, әлемде 10-шы орынға көтерілді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, соңғы 46 жылда Иранның электр энергетикасы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді.
Иранның Энергетика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Беһруз Морадидің айтуынша, 1978 жылдан бері электр станцияларының қуаты әлемде 4,5 есе өссе, Иранда бұл көрсеткіш 13 есе артты.
Морадидің мәлімдеуінше, әлемде электр энергиясын өндіру 3,4 есеге, Иранда 22 есеге өсті.
Сонымен қатар, Моради барлық жаңартылатын энергия көздерінің, соның ішінде су электр станцияларының белгіленген қуаты 1978 жылы 1804 МВт болса, биыл ол 13 700 МВт-қа жеткенін айтты.
2025 жылдың ақпан айына дейін жаңартылатын электр станцияларының (күн, жел, биомасса және шағын су электр станциялары) қуаты 1544 МВт-тан асады деп болжануда.
Сәтті жобалардың қатарында Ардакандағы 10 МВт күн электр станциясы мен Манжилдағы жел электр станциясы бар.


















