Ресейлік Росатом мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев компанияның Иранмен атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастығын дамытып жатқанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Алексей Лихачев Дүниежүзілік атом апталығының бейсенбі күні өткен пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде айтты.
Лихачев: Росатом холдингі Бушер атом электрстансасының екінші және үшінші энергоблоктарының құрылысын жалғастырып, Иранмен бейбіт мақсаттағы ядролық технологиялар саласында ынтымақтастықты дамытуда”, — деді.
Ресейлік Росатом мемлекеттік корпорациясының бас директоры сәрсенбі, 24 қыркүйек күні Иран Атом энергиясы ұйымының басшысы Мохаммад Исламимен Ресейдің Иранда шағын атом электр станцияларын салуына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғанын айтты.


















