Марокко әлемдегі ең үлкен жаңа футбол стадионының жаңа жобасын таныстырды.
Евразия Тудейдің The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлауы бойынша Мароккода 2030 жылғы футболдан әлем чемпионатына сыйымдылығы 115 мың көрерменге арналған жаңа арена салу жоспары жарияланды.
Әл-Мансурия қаласында салынатын стадион «Гранд Стад де Касабланка» деп аталады.
Стадион аяқталғанда әлем чемпионаты жарыстарын өткізетін ең үлкен стадион болары анық.
Жобаны ұйымдастырушылардың мәліметінше, стадион құрылысына шамамен 450 миллион еуро қажет. Ғимарат құрылысы 2028 жылға дейін аяқталуы тиіс деп жоспарланған.
Марокконың стадион салудағы мақсаты — жоба арқылы 2030 жылғы әлем чемпионатының финалын өткізу құқығын жеңіп алу. Финалды Испания да Мадрид немесе Барселонада өткізуге мүдделі.
2030 жылы футболдан әлем чемпионаты алғаш рет үш құрлық пен алты елде өтеді. Чемпионат матчтарының көбі Марокко, Испания және Португалияда, үш ойын Оңтүстік Америкада өтеді деп күтілуде.
Мароккодағы жоспарланған жаңа стадион аяқталса, Солтүстік Кореядағы ең үлкен стадион өз мәртебесінен айырылуы мүмкін.



















