Оман Сыртқы істер министрі Сейед Бадр бин Хамад әл-Бусаиди Дамасктегі Иран консулдығына жасалған шабуылды халықаралық құқықты бұзу деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Оман Сыртқы істер министрі Дамасктегі Иран консулдығына жасалған зымырандық шабуылда Иранның әскери кеңесшілерінің қаза табуына көңіл айтып, әрекетті қатаң айыптап, оны халықаралық заңдарды бұзу деп атады.
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Хосейн Амирабдоллахиан мен Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрі Сейед Бадр бин Хамад Әлбусаиди телефон арқылы сұхбатта Израиль режимінің Дамасктегі Иран консулдығына жасаған лаңкестік әрекетін талқылап, кеңесті.
Иран Ислам Республикасы мен Оман Сыртқы істер министрлері сонымен қатар Газа секторындағы соңғы өзгерістерге шолу жасап, сионистік режимнің қылмыстары мен атысты тез арада тоқтатып, Газа халқына гуманитарлық көмек жіберу үшін халықаралық күш-жігердің қажеттігін қуаттады.
Кеше, 2024 жылғы 1 сәуір күні түстен кейін сағат 16:45-те Дамасктегі Иран Ислам Республикасының дипломатиялық нысандары басып алынған Голан жоталарынан Израильдің әуе және зымырандық шабуылдарына ұшырады. Бұл лаңкестік әрекет кем дегенде бес ирандық қызметкердің, соның ішінде жоғары дәрежелі әскери кеңесшінің қаза табуына және Иранның дипломатиялық нысандарының толығымен жойылуына соқтырды.
Иран Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдуллаһиан Израильдің Дамасктегі Иран Ислам Республикасы Елшілігінің Консулдық ғимаратына жасаған әуе шабуылын барлық халықаралық міндеттемелер мен конвенцияларды бұзу деп атады.
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Иран елшісі мен өкілінің орынбасары Заһра Аршади Қауіпсіздік кеңесінің басшысына хат жолдап, сионистік режимнің Сириядағы Иран консулдығына жасаған шабуылын қарастыру үшін шұғыл отырыс өткізуді сұрады.
Көптеген елдер, соның ішінде Ресей Сыртқы істер министрлігі Израильдің Дамасктегі Иран консулдығының ғимаратына жасаған шабуылы салдарынан кісі өлімінің орын алуын, соның ішінде дипломаттардың қаза табуы мен жаралануын қатаң айыптап, Израиль басшылығын Сириядағы арандатушылық әскери әрекеттерден бас тартуға шақырды.














