Сауд Арабиясы халықаралық шарттар мен дипломатиялық иммунитеттер қағидатын бұзатын кез-келген сылтаумен және негіздемемен дипломатиялық нысандарға жасалған шабуылдың қабылданбайтынын мәлімдеді.
Евразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі Сирия астанасы Дамасктегі Иран консулдығының ғимаратына жасалған шабуылды қатаң айыптады.
Осы елдің министрлігі: «Эр-Рияд халықаралық шарттар мен дипломатиялық иммунитеттер қағидатын бұзатын дипломатиялық нысандарға жасалған шабуылды кез-келген сылтау және кез-келген негіздемемен қабылдамайды»,- деп мәлімдеді.
Миинстрліктің мәлімдемесінде сионистік режимнің кеше Сириядағы Иран консулдығының ғимаратына жасаған лаңкестік әрекетін бірқатар елдің қатаң айыптағаны айтылды. Сонымен қатар министрлік дипломатиялық орталықтарға жасалған шабуылды халықаралық құқық пен ережелерді бұзу деп атады.
Еске сала кетейік, кеше, 1 сәуір күні Иранның Сирия астанасы Дамасктегі консулдығының ғимаратына шабуыл жасалды. Шабуыл салдарынан Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының жеті мүшесі, соның ішінде екі генералы қаза тапты. Шабуыл салдарынан ғимаратқа зақым келді.


















