Өткен аптада АҚШ-та Йель университеті, Массачусетс технологиялық институты, Тафтс университеті, Мичиган университеті және Берклидегі Калифорния университетінің студенттері Палестинаны қолдап шерулерге шықты.
Сондай-ақ, университет студенттеріне Эмерсон колледжінің студенттері де қосылды. Басқа елдердегі университет студенттері АҚШ-та полициялардың Палестинаға қолдау білдірген студенттерді тұтқындауын айыптап, наразылық білдірді.
АҚШ университеттерінде бірнеше күнге созылған Палестинаны жақтаушы студенттер шерулеріне Франция, Ұлыбритания және Түркия студенттері ынтымақтастық білдірді.


















Discussion about this post