Шанхайда жүргізушісіз қозғалатын көліктерге арналған жаңа алаң ашылды.
Бұл туралы Евразия Тудей Yicai Global сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шанхайдағы Пудун ауданында өзін-өзі басқаратын көліктерге арналған 205 шақырымдық сынақ алаңы ашылды. Ол ең жаңа 5G-А байланыс стандартын қолданады.
5G-A байланысының 5G-ден айырмашылығы ол аз кідірісті және дәлірек орналасуды қамтамасыз етіп, өздігінен жүретін көліктерді сенімдірек және қауіпсіз етеді. Сонымен қатар кез-келген ауа-райында қауіпсіз жүруге мүмкіндік береді.
Бүгінде жүргізушісіз қолданылатын көлікті сынау үшін Шанхайда жалпы ұзындығы 2000 километрден асатын 1003 жол бар.
Дербес жүргiзу жүйесiн әзiрлеумен айналысатын 32 компания ұшқышсыз таксилерді, автобустарды және жүк көліктерін коммерциялық пайдалануға лицензия алған. Қала жолдарында барлығы 794 жүргізушісі жоқ көлік сынақтан өтуде.















