Швейцария Ресейдің 318 миллион доллардан артық активін бұғаттан шығарды.
Бұл туралы Швейцарияның экономика жөніндегі мемлекеттік хатшылығының 23 сәуірде жарияланған мәлімдемесінде айтылған.
Құжатта: «Бұған дейін сақтық мақсатында бұғатталған 140 миллион швейцариялық франк (шамамен 153 миллион доллар) сомасындағы активтер тергеу оларды бұғаттаудың заңды негіздері сақталмағанын көрсеткендіктен босатылды», — деп жазылған.
Осы мәлімет бойынша блокталған ресейлік активтің жалпы сомасы 150 миллион франкқа (шамамен 165 миллион доллар) азайған.
Бұл іс Швейцария нысанаға алған Еуроодақтың санкциялық тізімінен бірқатар тұлғаның алынуымен түсіндірілді.
Ресей билігі мұның алдында Мәскеудің шетелдегі 280 миллиард доллар активі бұғатталғанын хабарлаған болатын.
Бұл активтердің бес-алты миллиард доллары АҚШ-та, шамамен 224 миллиард доллары Еуропалық Одақта бұғатталған.




















