Азия мен Батыс Азиядағы ең биік жанартау ретінде белгілі Дамаванд – Иранның солтүстігіндегі биік тау.
Батыс Азиядағы ең биік шың – Дамаванд шыңы Тегеран қаласының солтүстігінен алпыс бес шақырым жерде Альборз тау сілемдерінде орналасқан.
Биіктігі 6510 метр Дамаванд шыңы – Иран жеріндегі табиғат ғажайыптарының бірі. Оның биіктігі соншалық, әлем шыңдары арасында он екінші орынға ие.
Күн райы ашық күндері Теһранның солтүстігіне қарағанда төбесін қар басқан шың әрқашан алыстан асқақтап көрінеді.
Дамавандқа шығатын төрт жол бар: оңтүстіктен, батыс жағынан, солтүстік-шығыс беті мен солтүстік тарабынан. Тәжірибелі альпинистердің айтуынша, оңтүстік беті ең оңай, солтүстік жағы ең қиыны, солтүстік-шығыс беті ең ұзақ, ал батыс беті ең қысқа болғанымен, өте тік. Дамавандқа шығу үшін саяхатшы физикалық дайындыққа болып, өзімен бірге қажет құрал-жабдықты алып жүруі керек.
Аңыз-әпсанамен астасқан Дамаванд шыңы жылдар тоғысында Иран көне үстіртінің күзетшісіне айналған.
Дамаванд – Киёмарс тұратын жер, бұл шың – Заххак Мардуштың мәңгілік түрмесі.
Араш Камангир оның төбесінен жанын оққа байлап, Иран шекарасын белгіледі. Дамавандта 2 күн болу саяхатшыны иран мифологиясының керемет әлеміне бойлатады.

















Discussion about this post