БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Газа секторындағы геноцид қаупін ескеріп, Израильге қару-жарақ жеткізуге тыйым салуға шақыратын қарар жобасын қарастыруда.
Евразия Тудейдің France Presse агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, егер жоба жұма күні кеңес отырысында мақұлданса, бұл БҰҰ-мен байланысты Адам құқықтары жөніндегі жоғары органның Газа секторындағы соғысқа қарсы алғашқы позициясы болмақ.
Жоба Израиль режимінің Газа секторындағы елді мекендерінде кеңінен әсер ететін жарылғыш қаруды қолдануын айыптап, сионистік режимді геноцидтің алдын алу үшін өзінің заңды жауапкершілігін сақтауға шақырады.
Пәкістан қарар жобасын Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше 56 мемлекеттің ішіндегі Албаниядан басқа 55 елдің атынан ұсынды.
Боливия, Куба және Женевадағы Палестина делегациясы да бұл жобаны қолдап отыр.
Сегіз беттен тұратын жобада сионистік режимнен оккупацияланған территорияларды басып алуды тоқтату, Газа секторын заңсыз қоршап алуды тез арада жою сұралған.
Сонымен қатар жоба Газа секторындағы геноцид қаупіне байланысты елдерді сионистік режимге қару-жарақ, оқ-дәрілер мен басқа да әскери техниканы сатуды немесе беруді тоқтатуға шақырады.
Жоба азаматтық аштықты соғыс құралы ретінде пайдалануды айыптап, сионистік режимнің бұл әрекеттерін «этникалық тазарту» деп атап, атысты дереу тоқтатуға шақырады.



















