Израиль үкіметі телекамералар алдында Газа халқына қарсы жасаған Холокост Американың әлемде үстемдік еткен жүйесінен орнаған нормаларға орны толмас соққы жасады.
Нақтырақ айтқанда Израильдің қылмыстары халықаралық жүйеге таңылған америкалық құндылық-құқықтық жүйеге соңғы соққы берді.
Сионистік апартеид режимнің Газадағы қырғыны халықаралық жүйенің болашағы мен Америка Құрама Штаттарының рөліне қатысты күрделі сауалдар туғызды. Бұл сұрақтар халықаралық нормалардың күйреуі, АҚШ билігінің құлдырауы, Батыс әлемі мен жаһандық оңтүстік арасындағы жарықтың артуымен байланысты.
АҚШ жетекшілігіндегі «Белгісіздік» кезеңіндегі «Заңға негізделген халықаралық жүйе» туралы либералдық көзқарас бүгінде тағы бір жойқын сәтсіздікпен бетпе бет келді.
Бұл батыс сарапшыларының негізіне айналған, Байден әкімшілігі өзінің сыртқы саясатының күн тәртібінде оның салдарын әлі көре қоймаған тақырып.
Шектеулі бір көріністе палестиналықтардың қарсыласуы Американың Таяу Шығысқа қатысты саясатының жеңіліске ұшырағанын айқын көрсетті. Дональд Трамп билігі тұсында, содан кейін Джо Байден кезеңіндегі Американың сыртқы саясатындағы үлкен айырмашылықтарға қарамастан екеуі де Палестинаға қатысты тақырыпта Палестина мәселесін аяқтау деген бір нәтижеге жетті.
2020 жылдың қыркүйек айында Ибраһим келісімдеріне енгізілгендей, Израиль мен Сауд Арабиясы және Парсы шығанағы сияқты араб елдері қайтсе де бір келісімге келеді деген үміт болды. Аймақтық бұл саясат бүгінде құрыды.
Газа секторы мен аймақтағы қазіргі қақтығыстардың салдары қандай болғанымен Палестина мәселесіне көзжұмбайлық танытуға болмайтыны анықталды.
Хамас пен Теһранның аймақтағы одақтастарының әрекеттері Американың Батыс Азия мен одан тыс жерлердегі беделінің шектеулі екенін айқын көрсетті.
Палестина халқының, соның ішінде 13 000 баланың Газада 160 күн бойы қырғынға ұшырауынан америкалық жүйе ақлақтық заңдылық немесе саяси күшке ие деп санайтындардың аз екенін көрсетті.
Соңғы 5 айдағы жан түршігерлік қылмыстар бұл жүйе ережелерінің Батыстан, Батыс арқылы және тек Батыс үшін екенін бұрынғыдан бетер дәлелдеді.
Батыстық жүйенің күйреуі тек нормативтік сипатта болған жоқ. «Құрылымдық» өлшемде де, халықаралық ұйымдарға да, әсіресе халықаралық істерде қайтымсыз түрде құлдырап бара жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымына да қатысты.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Газадағы оқиғаларға байланысты тығырыққа тірелуі Бас ассамблеяға жауапкершіліктің артуына себеп болды.
Бас Ассамблея Газа соғысына қатысты гуманитарлық атысты және Израильдің Газа блокадасын тоқтатуды талап ететін қарар қабылдауға мәжбүр болды. Алайда мәселе мынада: Бас Ассамблея түбегейлі түрде әлсіз. Оның Қауіпсіздік Кеңесінен айырмашылығы қарарлары заңды тұрғыдан міндетті емес.
Халықаралық Кешірім ұйымы бас хатшысының өткен айда Американың Халықаралық байланыс жөніндегі кеңес органындағы егжей-тегжейлі жазбасы батыс пен америкалық тәртіп және «Заңға негізделген жүйе» деген өршіл уәждің нормативтік-құқықтық тұрғылардан күйрегенін көрсетті.
Foreign Affairs газеті Аньес Калламардың мына сөзін жазды: «Бүгінгі таңда Батыс үкіметтерінің Газадағы апатты адам құқығы дағдарысына дипломатиялық араласуы халықаралық құқық үстемдігі мен жаһандық адам құқығы жүйесінің жылдар бойғы мәселесінің шарықтау шегі болып табылады. Мұндай күйреу 11 қыркүйек оқиғасынан кейін, Америка Құрама Штаттары өзінің «Лаңкестікке қарсы соғыс» науқанын бастаған кезде, «лаңкестерді қудалау» үшін кез келген нәрсеге рұқсат деген идеяны қалыпты деп атаған кезде басталды.
Осы негізде Израиль Газадағы соғыста ахлақты, стратегия мен тактиканы соның аясынан алып, Америка Құрама Штаттарының қолдауымен жүзеге асыруда.
Израильдің Газаны жаппай бомбалауы – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жүйедегі шектеулердің ешбіреуі – не БҰҰ Жарғысының шектеулері, не халықаралық адам құқықтары немесе тіпті Оңтүстік Африканың Халықаралық Сотта дәлелдеген геноцид конвенциясының ешқайсы сақталмайтын халықаралық құқықтағы мәселенің ХХІ ғасырдағы толық көрінісі.
Гаага Сотының шешімі мен оның Газадағы геноцидті тоқтату үшін уақытша шара қабылдауға шақыруынан бірнеше күн өткен соң Америка Құрама Штаттары мен Батыстың бірқатар басқа да үкіметтері Газа халқына көмектесетін Біріккен Ұлттар Ұйымының Көмек және жұмыс агенттігін қаржыландыруды тоқтатты. Бұл шешім геноцидтің айқын қауіп-қатеріне көзжұмбайлық танытумен бірге оны күшейтіп, жылдамдатуға да жәрдемдеседі.
АҚШ-тың алпауыт державалық позициясы мен оның Израильге ықпалы Вашингтонның Газадағы шындықты басқа елдерге қарағанда көбірек өзгертуге шамасы жететінін білдіреді. АҚШ өзінің ең жақын одақтасының қылмыстарын жалғастыруына тосқауыл қоя алатындығына қарамастан әзірше бұл жолды таңдамай отыр.
Бірақ Вашингтон маңызды ережелер мен нормалардың жауапкершілігінен өзін білдіртпей босатып алды. Соның негізінде халықаралық саясаттың бейнесі мынадай түрде қалыптасты: «Осы либералдық тәртіптен туындайтын халықаралық құқық әлсізге күшті, ал күштіге әлсіз».


















