Eurasiatoday
Понедельник, 23 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Ресейлік сарапшы: Крокус оқиғасы – мұсылмандармен одақтастыққа жасалған қастандық

  • Россия, Сарапшы пікірі
  • 9 апреля, 2024 18:15

Loading

Мәскеудегі Иерусалим орталығының басшысы Сергей Бабурин 2024 жылы 22 наурызда Мәскеу түбіндегі Крокус Холл концерт залында жасалған лаңкестік әрекетті Ресейдегі мұсылмандар мен христиандар одағына қарсы жасалған қастандық деп атады.

Еуразия Тудейдің IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Бабурин «Ресей билігі көреген көзқарасымен қастандықты залалсыздандырды» деді.

Сергей Бабурин сәуірдің оны, дүйсенбі күні Мәскеудегі Ресей медиа орталығында Дүниежүзілік Құдс күні мен Палестинадағы оқиғаларға арнап өткізілген баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде: «Крокустағы шабуылды сырттай өздерін мұсылман санайтын адамдар жасады, бірақ біздің шынайы Ислам туралы танымымыз бойынша нағыз мұсылмандар Рамазан айында, әсіресе жұма күні, оның өзі ауызашар мен асыр намазы уақытында ешқашан мұндай әрекет жасамайды.

Тақырыпқа орай:

Түркия Президенті Ердоған Палестина мемлекетін құттықтады

Түркия Президенті Ердоған Палестина мемлекетін құттықтады

16.11.2026

Крокустағы қылмыс Ресейдегі мұсылмандар мен христиандардың бірлігіне қарсы жасалған қастандық болғанымен елдің жауапты тұлғалары көрегендік және дұрыс пайым арқылы бұл әрекетті мұсылмандар жасай алмайтынын түсінді. Дегенмен бұл оқиғаны батыс елдері Палестина мен Сирияны Ресей мен Иранның бірлесіп қолдайтыны үшін осы елдерден кек алу мақсатында жасады» деді

22 наурыз күні Мәскеу түбіндегі Crocus City Hall ғимаратына пулемет асынған адамдар басып кірді. Олар бейбіт адамдарға оқ жаудырып, бірнеше жарылыс жасады, содан кейін өрт басталды.

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, шабуылдан 695 адам зардап шекті, соның ішінде 144 адам қаза тапты. Іс бойынша барлығы Тәжікстан азаматтары саналатын төрт негізгі күдікті оқиға орнынан көлікпен қашып кетпек болғанымен 24 наурызда Брянск облысында ұсталып, Мәскеудің Басманный аудандық сотына жеткізілді.

Ресей шенеуніктері олардың жоспары Украинаға қашу болды деп санайды. Шабуылды ұйымдастырушылар оларға аталған елден қауіпсіз панажай дайындаған. Тергеу әлі жалғасып жатыр.

Құдс күні – Ресей мұсылмандары мен христиандары одағының Палестинаны қолдайтын күні

Ресейлік Иерусалим орталығының басшысы сөзінің келесі бір бөлігінде былай деді: «Христиан дінін ұстанушы ретінде мен Бейт ул-Мұқаддас ғибадатханасының мұсылмандар үшін де, еврейлер үшін де қасиетті орын екенін мәлімдеймін. Ресейде мұсылмандар мен христиандардың Бейт ул-Мұқаддасты өзек еткен одағы әрқашан болды және болады. Бұл салада біздің тәжірибеміз мол.

Бейт ул-Мұқаддас – біз үшін Ресей одағының белгісі, біздің Иерусалиммен қарым-қатынасымыз және өз құқықтары үшін күрестің 80 жылдығы қарсаңында тұрған Палестина халқына қолдау көрсетуіміздің тамыры тереңде. Осындай көзқарас негізінде Құдс күні – Ресейдегі мұсылмандар мен христиандар үшін өте маңызды күн.

Ресейдегі Құдс күні сөздің тура мағынасында Палестина халқымен бірлігі күні, христиандар мен мұсылмандардың Бейт әл-Мұқаддас пен Палестина халқын қолдаудағы ынтымақтастығының белгісі болып табылады.

Палестина халқы жеңеді

Бабурин «Ресейдегі христиандардың көзқарасы бойынша Палестина халқы жеңеді, тіпті бүкіл халық пен әлем оларға қарсы болса да, бәрібір жеңіске жетеді. Израиль жеңіледі» деді.

Израиль – халықаралық деңгейдегі лаңкес ел

Бабурин палестиналықтардың әрекетін олардың өздері мен жерін қорғаудағы заңды құқығы деп атап, Израильдің қылмыстары мен осы режимнің аймақтағы лаңкестік пен қылмыстарды өршітуін айыптады.

Ол сөзін жалғастырып: «Израильдіктердің аймақтағы барлық әрекеті лаңкестік әрекеттерге сәйкес келеді. Олар Дамасктегі Иран елшілігінің консулдығына шабуыл жасау арқылы Израильдің халықаралық деңгейдегі лаңкес ел екенін тағы көрсетті» деді.

Ресейлік сарапшы генерал Қасым Сүлеймани мен оның серіктерінің Иракта қаза болуына соқтырған АҚШ-тың әскери шабуылын Америка Құрама Штаттары мен Израильдің лаңкестік операцияларының келесі бір айқын мысалы деп атады.

Одан сөзінің жалғасында былай деді: «Мұндай лаңкестік операцияларға халықаралық ұйымдарда тұшымды жауап берілмей отырғаны сауал тудырады».

Палестина біздің жүрегімізде

Осы отырыста Ресей мұсылмандары діни басқармасы басшысының бірінші орынбасары Роушан Абиасов Газа секторы мен басып алынған Палестинаның басқа да аймақтарында болып жатқан оқиғаларға тоқталып: «Рамазан айының соңғы күндерін жүрегіміз ауырып өткізіп отырмыз. Жан түршігерлік қылмыстар, бұрын-соңды болмаған қантөгіс пен зорлық-зомбылық жасалуда» деді.

Ол Палестина халқына жанашырлық білдіріп: «Өткен 30 жылдан бері біз имам Хомейнидің шақыруымен және Палестина халқымен ынтымақтастық белгісі ретінде Құдс күні рәсімдерін өткізіп келеміз.

Биыл да Мәскеудегі Орталық мешітте Мәскеу мұсылмандары мен кейбір Ислам елдері елшілерінің қатысуымен өткен рәсімде Палестина мәселесінің жүрегімізде екенін мәлімдедік. Біз Рамазан айында дұға тіледік. Қолымыздан бар келетіні – қантөгіс пен соғыстың тоқтап, бәрінен бұрын Газаға бейбітшілік пен тұрақтылықтың оралуы үшін дұға тілеу.

Израиль шектен шықты

Абиасов: «Газа және Палестинаның басқа да аймақтарының жазықсыз тұрғындары Израильдің шабуылдары салдарынан өз үйлерінде жан тапсырды. Осы жерде Израильдің шектен шыққаны көрінеді. Олар бейбіт тұрғындарды өлтіріп, мешіттерді, шіркеулер мен үйлерді қиратады» деді.

Ол Израильдің бар болуын ибраһимдік діндерге қауіп төндіретінін айтып: «Израиль Батыс елдерінің қолдауымен әлемде нацизм мен фашизмнің жолын жалғастыруда.

Израильдің қылмыстарын ешбір ел немесе еш халық қолдамайды. Америка мен Израильдің өзінде де мұсылмандарға, христиандарға, тіпті еврейлерге қарсы мұндай зорлық-зомбылықты қабылдай алмайтын адамдар бар, тіпті дәстүрлі еврейлердің өздері Израильдің әрекеттеріне қарсы.

Біз халықаралық қауымдастықтан Палестина мәселесін шешуге оралуды, өз жерінде Палестинаны басқаруға және астанасы Шығыс Бейт ул-Мұқаддаста болуға құқығы бар толыққанды Палестина мемлекетінің құрылуын сұраймыз. Бұл – Ресей президенті мен Ресей мұсылмандары діни басқармасының басшысы баса айтқан ұстаным.

Палестина халқымен ынтымақтастығымызды тағы мәлімдеп, Палестина халқына қарсы геноцидтің тезірек тоқтатылуын қалаймыз» деді.

Палестинаның қарсыласу топтары 2023 жылғы 7 қазанда Израиль режимінің позицияларына Палестинаның оңтүстігіндегі Газадан «Әл-Ақса дауылы» деп аталатын тосын операция бастады. Қақтығыстан қырық бес күн өткеннен кейін, яғни 2023 жылғы 24 желтоқсанда Израиль мен ХАМАС арасында төрт күндік уақытша атысты тоқтату бітімі орнап,  Хамас пен Израиль арасында тұтқындарды алмасу үшін үзіліс жасалды.

Соғыстағы бұл үзіліс жеті күнге созылды. 2023 жылдың 1 желтоқсан, жұма күні таңертең уақытша атысты тоқтату келісімі аяқталып, Израиль режимі Газаға шабуылдарын қайта бастады.

Израиль режимі «Әл-Ақса дауылының» тұтқиыл шабуылдарына жауап беріп, соның сәтсіздігінің орнын толтырып, қарсыласу күштерінің операцияларын тоқтату үшін Газа секторының барлық өткелін жауып, бұл аймақты әлі бомбалап жатыр.

Қатар мен Мысырдың арағайындығы және Америка Құрама Штаттарының қатысуымен Газада атысты тоқтату бітімін қалпына келтіру және тұтқындарды босату туралы келіссөздер әлі нәтижеге жеткен жоқ.

АҚШ президенті Джо Байден қасиетті Рамазан айына дейін ХАМАС пен Израиль атысты тоқтатудың жаңа кезеңі туралы келісімге келеді деп болжағанымен, оның болжамы жүзеге аспады.

Бүгінде бір жағынан Газадағы апатты жағдайды, Біріккен Ұлттар Ұйымының осы аймаққа қатысты үздіксіз  ескертулерін, екінші жағынан Израиль режимінің Газадағы дағдарысты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес апатқа айналдыруы мүмкін Рафахқа шабуыл жасау туралы қоқан лоққысына байланысты апаттың алдын алу бойынша талпыныс әлі жалғасуда.

Газада атысты дереу тоқтату туралы қарар Газада 6 айға жуық соғыстан кейін 2024 жылдың 25 наурызында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қабылданды. Рамазан айы дәл осы көзқарас тұрғысынан атысты тұрақты тоқтатуға негіз болады.

 

 

 

 

 

 

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: Құдс күніПалестинаСергей Бабурин
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Түркия Президенті Ердоған Палестина мемлекетін құттықтады

Түркия Президенті Ердоған Палестина мемлекетін құттықтады

16.11.2026
Малайзия премьер-министрі Израильдің Ғазадағы әрекеттерін сынға алды

Малайзия премьер-министрі Израильдің Ғазадағы әрекеттерін сынға алды

22.10.2026
Палестинаға гуманитарлық көмек жеткізу жұмысын Адам Қадыров үйлестіреді

Палестинаға гуманитарлық көмек жеткізу жұмысын Адам Қадыров үйлестіреді

13.10.2026
Палестина президенттік және парламенттік сайлауды бір жылға шегерді

Палестина президенттік және парламенттік сайлауды бір жылға шегерді

12.10.2026
Израиль–ХАМАС қақтығысы Таяу Шығысты өзгертті

Израиль–ХАМАС қақтығысы Таяу Шығысты өзгертті

08.10.2026
Лавров: Палестина мәселесі қайта ушығуы мүмкін

Лавров: Палестина мәселесі қайта ушығуы мүмкін

27.04.2026
АҚШ Иранға қарсы әскери операциясын аяқтауды жоспарлап отыр

АҚШ Иранға қарсы әскери операциясын аяқтауды жоспарлап отыр

01.04.2026
Егер соғыс басталса, Орталық Азия мемлекеттері көпвекторлы сыртқы саясатқа сүйенеді

ИЫҰ Израильдің елді мекендер саясатына байланысты шұғыл жиын өткізеді

24.02.2026
Израиль палестиналық бес медиа-платформаның қызметіне тыйым салды

Израиль палестиналық бес медиа-платформаның қызметіне тыйым салды

24.02.2026

Басты жаңалықтар

Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

23.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Иран мен ИЫҰ-ға мүше елдер арасында сауда айналымы артты

Иран мен ИЫҰ-ға мүше елдер арасында сауда айналымы артты

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.