Ресей АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне «Солтүстік Корея санкцияларын бақылайтын мамандардың өкілеттіктерін бір жылға арттыру» туралы ұсынған қарарына вето қойды.
Евразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл қарар мамандар тобының өкілеттігін 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартуды көздейді.
Қарар жобасына вето қойылғанға дейін 13 оң дауыспен қабылданды. Қытай бұл қарардан қалыс қалды.
Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя Мәскеудің бұл қарарды қолдамайтынын мәлімдеді.
Небензяның айтуы бойынша, санкциялардың Солтүстік Кореяға әсер етпейтіні, тек қарапайым адамдар бұдан зиян шегетіні дәлелденді.


















