Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарада Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездеседі.
Түркия Президенті жанындағы байланыс басқармасының мәліметінше, екі ел басшылары бүгін, 24 сәуір күні Анкарадағы Президенттік кешенде кездесу өткізеді.
Ресми кездесу барысында Түркия мен Германия арасындағы екіжақты қатынастың барлық аспектісі және екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған қадамдар талқыланады деп күтілуде.
Сонымен қатар, Ердоған мен Штайнмайер Израильдің Палестина жерлеріне жасаған шабуылдары және аймақтағы қазіргі жағдайды, сондай-ақ, Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстарды, Түркия мен ЕО қатынастарын қарастырады.
Тараптар кездесудің күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелер төңірегінде пікір алмасады.
Түркияға ресми сапармен келген Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер кеше 2023 жылдың 6 ақпанында жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп қаласында болды.




















