Франция Сыртқы істер министрі Стефан Сежурне Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсету жолдарын қайта ашу үшін Израильге қысым жасалуы, тіпті санкциялар салынуы қажеттігін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Франция Сыртқы істер министрі сейсенбі күнгі RFI радиосы мен France-24 телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеп: «Ықпал ету тетіктері болу керек және көптеген осындай құралдар бар»,- деді.
Стефан Сежурне сөзін жалғастырып: «Санкциялар гуманитарлық көмектің бақылау-өткізу пункттері арқылы жеткізілуіне мүмкіндік береді», -деді.
Эммануэль Макрон үкіметінің министрі Францияның Еуропалық Одақ елдері арасында Батыс жағалаудағы зорлық-зомбылық жасаған израильдік қоныстанушыларға қарсы санкция салуды ұсынған алғашқы елдердің бірі екенін атап өтті.
Стефан Сежурне: «Біз қажет жағдайда гуманитарлық көмек жеткізу бағыттарын қайта бастау үшін осындай күш-жігерді жалғастырамыз»,- деді.
Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта сионистік режимнің қатыгез шабуылынан 33 200-ден астам палестиналық қаза тауып, екі миллион 300 мыңға жуық адам қоныс аударды.




















