Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 5 сәуірде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Өзбекстанға сапармен барып, осы елдің президентімен Хиуада бейресми кездесу өткізеді.
Евразия Тудейдің Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Хиуа қаласында өтетін келіссөздер барысында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен қарым-қатынасты одан әрі арттыру және көпжақты ынтымақтастықты кеңейту сынды ауқымды мәселелер талқыланады.
Сонымен қатар екі ел басшылары кездесуде өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде де пікір алмасады, соның ішінде, өзара сауда көлемін арттыру, кооперациялық қарым-қатынасты өрістету, көлік және энергетика салаларында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, гуманитарлық бағдарламаларды белсендіру мәселелеріне баса назар аударылады.



















