Кеше, 31 наурызда Бішкек қаласына Аустралия, Англия, Швейцария, Аустрия және Германия туристері мінген биылғы жылдың алғашқы саяхатшыларының пойызы келді.
Бұл туралы Евразия Тудей «Қырғыз темір жол» ҰК» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін Lernidee Erlebnisreisen GmbH туристік компаниясының өкілдері «Қырғыз темір жол» ҰК»-нан Қырғызстан бойынша ел ішінде теміржол арқылы өтетін туристік турға қол ұшын созу туралы өтініш білдірген.
«Қырғыз темір жолы» ҰҚ» осы өтінішті ескеріп, темір жол арқылы қауіпсіз тур ұйымдастыруға шешім қабылдаған.
Туристік пойыз бағыты: Алматы — Балықшы — Бішкек — Түркістан, Ташкент — Түркістан — Бішкек — Балықшы – Алматы. Пойыздың құрамына тоғыз вагон кіреді.
Қырғызстанға келген 50-ден астам турист саяхатты Ыстықкөл облысынан бастады.
Қырғызстанға биылғы жылғы алғашқы туристік пойыздың келуі осы елдің танымал туристік бағыт ретіндегі маңыздылығын көрсетеді.



















