Алматыдағы Иранның Бас консулы Мохсен Фагани мен мәдени атташе Хосейн Ағазаде 29024 жылғы қаңтардың 26 күні Сәтбаев атындағы Қазақстан Ұлттық техникалық университетінің президенті Мейрам Бегантаевпен кездесіп, сұхбаттасты.
Иранның Бас консулы Ирандағы Шариф, Амир Кабир, Ғылым және өнеркәсіп сияқты техникалық университеттерді білім алу үшін көптеген әлеуетке ие деп атады.
Фағанидің айтуы бойынша Ирандағы 3 миллион 400 мың студенттің 90 мыңы — шетелдіктер.
Ол қазақ студенттерінің Иранда білім алуын ғылыммен алмасуға көмектеседі деп бағамдады.
Мохсен Фағани Иранда білім алу мен тұру құнының төмендігі мен олар үшін білім гранттарының арқасында қазақтар Иранда оқи алатынын айтты.
Бас консул конференциялар, бірлескен курстар, біліктілікті арттыруға арналған қысқа мерзімді курстар өткізуге және ғылыми-техникалық жаңалықтар туралы ақпарат беруге болатынын, Сәтбаев атындағы университетте парсы тілін екінші шет тілі ретінде оқытудың Иранның ғылыми ресурстарына қол жеткізу үдерісіне көмектесетінін атап өтті.
Фағани Бас консулдықтың ғылыми және мәдени атташесі Хосейн Ағазадені таныстырып, оның байланыс орнату және бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруға жауапты екенін айтты.
Ол Сәтбаев университетінен бір делегацияны Иранның ғылыми-техникалық орталықтарын аралау үшін жіберу туралы ұсыныс жасады.
Соңында Сәтбаев ұлттық техникалық университетінің ректоры Бас консулға ғылыми ынтымақтастық пен парсы тілін оқыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтып, ынтымақтастыққа әзір екенін мәлімдеді.
Ол сөзінің жалғасында: «Ғылымда шекара жоқ. Студенттерді бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде оқытуға дайынбыз. Біз білім беру бағдарламалары бойынша бірлескен құжаттар бере аламыз. Иранның білім беру бағдарламаларымен танысу арқылы біз ынтымақтастық қалыптастырамыз», — деді.
Кездесу мен келіссөздің соңында ирандық делегация Сәтбев ұлттық техникалық университетінің түрлі бөлімін, соның ішінде әртүрлі минералды тастар көрмесін, тәжірибелік оқу орындарын аралады.
Қазіргі таңда Алматыдағы Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетте 12 000 студент білім алуда. Соның ішінде 1500 шетелдік студент бар.
Бұл университеттің 2024 жылғы әлемдік рейтингте 481-орында тұрғанын, Қазақстанның инженерия саласындағы басты ұлттық университеті екенін атап өткен жөн.












