Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов 2024 жылғы 29 қаңтарда Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Хао Минцзин бастаған ҚХР делегациясымен кездесуі өткізді.
ТР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылап, Түркіменстан-Қытай қарым-қатынасын дамытудың кешенді көзқарасын атап өтті.
Тараптар екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың, сондай-ақ екі ел арасындағы белсенді партияаралық және парламентаралық байланыстардың маңыздылығына тоқталды.
Сауда-экономикалық қатынастардың, мәдениеттің, білімнің және спорттың жоғары деңгейі атап өтілді.
Кездесу соңында тараптар түркімен-қытай әріптестігін одан әрі жан-жақты кеңейтудің маңыздылығын тағы қуаттады.



















