Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашев 2024 жылдың 29 қаңтарында Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Али Бағери Канимен кездесті.
ӨР СІМ хабарлауы бойынша кездесу барысында тараптар екі елдің ауған бағытындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша күш-жігерін, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды талқылады.
Аға дипломат Өзбекстанның Ауғанстанда ұзақ мерзімді және тұрақты бейбітшілік орнатуға белсенді қатысуын ерекше атап өтті.
Тараптар Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысты шешу, сондай-ақ елдің бейбіт дамуын ілгерілету бойынша бірлескен іс-қимылдарды дамытуға өзара мүдделілік танытты.













