Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Иранның халықаралық қатынастар жөніндегі стратегиялық кеңес төрағасы Камал Харази екіжақты ынтымақтастықты кеңейту туралы келіссөз жүргізді.
Mehr агенттігінің мәліметінше, дүйсенбі күні Камал Харази мен Никол Пашинянның кездесуі нәтижесінде Армения мен Иран арасында тауар айналымы көлемін біртіндеп ұлғайту туралы өзара келісімге қол жеткізілді.
Пашинян кездесу барысында Камал Харазидің сапары Армения мен Иран арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
Кездесуде тараптар екі ел арасында тауар айналымын кезең-кезеңімен ұлғайту экономикалық қатынастарды дамыту үшін жаңа перспективаларға жол ашатынын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, келіссөздер барысында энергетика мен инфрақұрылым саласындағы әріптестік қатынастарды нығайту мүмкіндіктері де талқыланды.
Аrmenpress агенттігінің хабарлауынша, Камал Харази мен Никол Пашинян келіссөздер барысында «Бейбітшілік қиылысы» атты жобасын талқылап, оның аймақ тұрақтылығы мен дамуына ықпал етудегі рөліне ерекше назар аударды.













