Бүгін, 5 сәуірде Тәжікстан Республикасы Үкіметінің қалалық резиденциясында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Түркіменстан Халық Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.
Кездесуде Түркіменстан Халық Маслахатының төрағасының Тәжікстан Республикасына ресми сапары аясындағы кездесулер мен келіссөздердің қорытындылары талқыланды.
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон ресми сапардың қорытындылары мен осы сапар аясында жаңа ынтымақтастық актілеріне қол қою Тәжікстан Республикасы мен Түркіменстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық қатынасты тереңдетуге қолайлы негіз жасайды деп үміттенетінін айтты.
Кездесуде тараптар екі ел үшін тиімді ынтымақтастықтың басқа да мәселелері бойынша пікір алмасты.
Айта кетейік, Түркіменстан Халық Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов кеше, 4 сәуірде Тәжікстан Республикасына ресми сапармен келді.
Сапар аясында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан Халық Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтың қатысуымен екіжақты ынтымақтастық туралы жаңа құжаттарға қол қою рәсімі өтті.












