Сионистік режимнің ақпарат құралдары америкалық жауапты тұлғаның сөзіне сілтеме жасап, Газа секторындағы атысты тоқтату келіссөздері ілгерілеп жатқанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің Iran Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, АҚШ Орталық Барлау Басқармасының басшысы Уильям Бернс Каирге барып, Мысыр президентімен кездесуімен бір мезгілде сионистік режимнің ақпарат құралдары Газа секторында атысты тоқтату келіссөздерінде ілгерілеушілікке қол жеткізілгенін хабарлады.
Бұл кездесуде Әс-Сиси Каирдің Газа секторындағы әскери операциялардың жалғасуына қарсы ұстанымы мен соғысты тоқтату үшін халықаралық қауымдастықтың рөл атқаруының маңыздылығын баса айтты.
Мысыр президенті сондай-ақ, осы аймақтағы гуманитарлық апатты азайту үшін Газа секторына гуманитарлық көмек жөнелтуді кепілдендіруді, сонымен қатар аймақтағы қақтығыс ауқымының кеңеюіне жол бермеу үшін байыпты және тиімді шара қабылдау керек екенін ерекше атап айтты.
Бернс Мысыр басшыларымен, соның ішінде президент Абдел Фаттах Ас-Сисимен кездескеннен кейін Дохаға аттанды.
Сионистік режимнің ақпарат құралдарының хабарлауынша, Америка президенті Джо Байденнің кеңесшісі Бретт Макгерк те Тель-Авивке сапар шегеді.
Мысырдың ақпарат құралдары да елдегі жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасап, Мысыр қауіпсіздік делегациясының Хамас пен сионистік режимнің көзқарастарын жақындастыру мақсатында бүгін, сәрсенбі күні Дохаға аттанатынын хабарлады.












