Иран Ислам Республикасының Германиядағы елшісінің Араб елдерінің елшілерімен кездесуі өтті.
Еуразия Тудейдің ISNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, кеше, 9 шілде күні Иран Ислам Республикасының Германиядағы елшісі Махмуд Фаразенде Араб және Ислам елдерінің елшілері мен дипломатиялық өкілдерімен өткен отырысқа қатысты.
Отырыс барысында Махмуд Фаразенде Иранның аймақтық және халықаралық сыртқы саясатына тоқталып: «Аймақ халқы ортақ тарихи, әлеуметтік және ең бастысы, мәдени және діни тақырыптарды мыңдаған жылдар бойы байланыстырып келеді. Осыған байланысты Иран халқы мен Үкіметі Араб және Ислам елдерімен түсіністік пен ынтымақтастық кеңістігін құруға деген ерік-жігері сыртқы саясаттың мызғымас қағидаттарының бірі болып табылады. Аймақ елдерімен түсіністік, мейірімділік пен достық жолының жалғасы біздің басымдықтарымыздың қатарында», -деді.
Аталмыш шараға Қатар, Оман, Ливия, Мысыр, БАӘ, Малайзия, Пәкістан және басқа да Араб және Ислам елдерінің елшілері мен өкілдері қатысты.


















