Иран Президенті Масуд Пезешкиан Ливандағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер санының көптігіне өкініш білдіріп, осы елдің халқына қайғырып көңіл айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Масуд Пезешкиан жеке парақшасында араб тілінде хабарлама жариялап, сионистік режимнің Ливандағы жуырдағы қылмыстарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандарға жанашырлық танытты.
Иран Президенті Ливандағы пейджерлердің жарылуын сионистік режимнің лаңкестік актісі деп атады.
Пезешкиан араб тілінде: «Иран Ливан халқына сионистік режимнің бейбіт тұрғындарды ескермей, байланыс құрылғыларын жаруы салдарынан мыңдаған Ливан азаматтарының қаза табуы мен жараланғанына өкініш пен алаңдаушылық білдіреді. Біз осы оқиғада жарақат алғандардың тез сауығып кетуін тілейміз»,- деп жазды.
Иран Президенті хабарламасында қылмыскер міндетті түрде әділ жазаланатынын баса айтты.
Президент Иран Ислам Республикасы ливандықтарға қарсы жасалған бұл қылмысты айыптап, Ливан Үкіметі мен халқына қолдау көрсететінін айтып: «Біз халықаралық ұйымдарды жауапкершіліктерін ескере отырып әрекет етуге шақырамыз»,- деп баса айтты.
Кеше, 18 қыркүйек күні Ливанның түрлі аудандарында тағы да байланыс құралдары жарылды. Бұл жолы «Хезболла» мүшелерінің рациялары жарылған.
Дереккөздерінің мәліметінше, «Хезболла» бұл рацияларды бірнеше ай бұрын, шамамен 17 қыркүйекте жарылған пейжерлерді сатып алған уақытта алған.












