Иран Ислам Республикасы Қауіпсіздік Кеңесін Израильдің елдің егемендігін бұзатын қылмыстарын тоқтату үшін шара қабылдауға шақырды.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне, БҰҰ Бас хатшысына және БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасына хат жолдап, Израильдің елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзатын қылмыстарын тоқтату үшін тиісті шара қабылдауды сұрады.
БҰҰ жанындағы Иран Ислам Республикасының Тұрақты өкілдігі кеше, жұма күні БҰҰ Бас хатшысына, БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасына жолдаған хатында Иран Ислам Республикасының ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзған Израиль режимі қылмыстарының тізімі, сондай-ақ осы режимнің шетелде тұратын ирандықтарға қарсы лаңкестік әрекеттері жазылған.
Сонымен қатар Иранның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілдігі хатта халықаралық құқыққа қайшы келетін бұл әрекеттерді тоқтату және кінәлілерді жауапқа тарту үшін тиісті шара қолдануды сұрады.












