ХАМАС қозғалысы Газа секторында сайлау өтетін уақытқа дейін тәуелсіз комитет құруға келіскенін хабарлады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл шешім осы қозғалыстың делегациясы Мысырдың барлау саласының жоғар лауазымды тұлғаларымен кездесуде қабылданып, атысты тоқтату және тұтқындармен алмасу келісімі аясында қарастырылды.
Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС мәлімдеме жариялап, Газа секторын басқару үшін тәуелсіз тұлғалардан құралған комитет құруға келіскендерін хабарлады. Комитет осы секторда Президенттік және Парламент сайлаулары өткізілгенге дейін Газа секторын басқаратын болады.
ХАМАС қозғалысының мәлімдемесіне сәйкес, қозғалыстың жетекшілік кеңесінің төрағасы Мохаммад Дарвиш бастаған делегация Каирде Мысырдың Барлау Бас департаментінің басшысы Хасан Рашадпен кездесіп, атысты тоқтату және тұтқындарммен алмасу келісімін жүзеге асыру туралы сұхбаттасты.
Тараптар кездесуде келісімнің баптарын орындау және келіссөздердің екінші кезеңін дереу бастау, өткелдерді ашу, гуманитарлық көмектерді еш шектеусіз енгізу қажеттігін қуаттады.
Al Jazeera арнасының мәліметіне сәйкес, ХАМАС Газаны басқару үшін тәуелсіз ұлт тұлғаларынан құралған комитет құруды қолдайтынын мәлімдеген.
Бұл істің мақсаты Палестина саяси құрылымын құрып, барлық деңгейде ұлттық сайлау өткізу үшін негіз қалыптастыру саналады.
ХАМАС Мысырдың палестиналықтарды көшіру туралы жобаларға қарсылық танытқан талпыныстарына алғыс айтып, Араб Лигасы саммитінің нәтижелерін, әсіресе Газаны қайта құру бағдарламасы мен Палестина халқының заңды құқығын қуаттауын құптады.
Алайда ХАМАС жетекшілерінің бірі Махмуд Мардави осы қозғалыстың Газада атысты уақытша тоқтату бітіміне келіскенін теріске шығарды.
Ол ХАмАС-тың мұның алдында жасалған келісімді жүзеге асыру және келіссөздердің екінші кезеңінен бұрын келісілген шеңберлерге сәйкес енуіне табанды екенін, уақытша келісімді қабылдау туралы хабарлардың шындыққа жанаспайтынын айтты.
Осындай жағдайда сионистік режим премьер-министрінің кеңсесі тұтқындармен алмасу туралы келіссөздер үшін Дохаға делегация аттандырғанын хабарлады.
Сарапшылардың пікірінше, сионистік режимнің премьер-мнистрі Бениямин Нетаньяхудың кабинеті Газада атысты соғысты тоқтатуды да қамтитын бітім келісімінің екінші кезеңіне енуден бас тартуға күш салып отыр.
Тель-Авив Вашнгтонмен серіктесіп, соғысты толық тоқтатпастан сионист тұтқындарды көбірек азаттыққа шығару үшін келісімнің бірінші кезеңін ұзартуды көздейді.
Сионисттік режимнің ақпарат құралдары осы туралы материалдарында аймақтық арағайын елдер, соның ішінде Мысыр мен Қатар Америка Президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың аймақа келуін күтіп жүргенін хабарлады.
Алдағы күндері өтуі ықтимал бұл сапарда Вашингтон израильдік он тұтқынды босату үшін атысты тоқтатуды бірнеше айға ұзарту туралы жаңа ұсыныс жасауы мүмкін, бірақ оның нақты уақыты көрсетілмеген.
Осы мәліметтерге сәйкес, ұсыныс бойынш келіссөздер Америка мен ХАМАС арасында тікелей жүргізіледі. Израиль оған араласпайды.












