Жоғары сапалы қазақстандық бидай тиелген транзиттік контейнерлік пойыз Қытайдың Ляньюньган портына келіп жетті.
Еуразия Тудейдің Аауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл Вьетнамға арналған және “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” жіберген сегіз құрамның алғашқысы. Жеткізу мультимодальды бағыт бойынша жүзеге асырылуда.
Теміржол құрамы жалпы салмағы 1,7 мың тоннаны құрайтын 62 контейнерден құралған. Контейнерлер теңіз кемелеріне қайта тиелгеннен кейін, бидай Вьетнамның Хайфон портына жеткізіледі.
Ляньюньган портындағы логистикалық база «бір контейнер – бір сервис» қағидасымен жұмыс істейді.
Бұл модель бойынша жүктің бастапқы нүктеден соңғы межеге дейін қайта тиеусіз бір контейнерде жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Осы технологияның арқасында теміржолдан теңіз портына өту уақыты небәрі бір сағатқа созылды. Сонымен қатар, қазақстандық бидай барлық рәсімдер жедел түрде жүргізілетін «жасыл дәліз» арқылы жеткізілді.
Айта кетейік, алғашқы бидай партиясы Ақмола облысындағы астық қабылдау кәсіпорындарында дайындалған. Жалпы, Вьетнамға шамамен 15 мың тонна азықтық бидай жөнелтіледі деп жоспарлануда.












