Өзбекстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Бахромжон Алоев Иран Ислам Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мохаммадали Искандаримен кездесті.
Еуразия Тудейдің Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, тараптар кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық және туризм салаларындағы екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму келешегін талқылады.
Сондай-ақ, аймақтық мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу мәселелері бойынша пікір алмасты.
Иран 1991 жылы Өзбекстанның тәуелсіздігін мойындап, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 10 мамырында орнатылды.


















