Американың Қаржы министрлігі ирандық екі қаржыгер мен оннан астам компания және тұлғаға санкция салды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Американың Қаржы министрлігі кеше сейсенбі күні түстен кейін Гонконг пен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ирандық екі қаржыгер мен оннан астам компания мен тұлғаларға Иран мұнайын сатудан түскен он миллион доллар криптовалютаны тасымалдауды үйлестірді деген уәжбен санкция салды.
АҚШ Қазына департаментінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) мәлімдемесінде: «Бүгін АҚШ Иранның тұрақсыздандыру әрекеттеріне қарсы тұруды жалғастыра отырып, заңсыз халықаралық қаржы желісі мен Гонконг пен Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан бірнеше жеке және заңды тұлғаға қарсы санкция салды», — деп жазылған.
Айта кетейік, Америка Иранның “Ортақ қадам” жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін санкцияларды жандандырғанымен, Иран өз экономикасын сақтап қалды. Тегеран экономикасы мен әлеуметтік төзімділігінің және сауда серіктестерінің алуандығының арқасында Американың әділетсіз санкцияларына төтеп берді.












