Израильдің ұшқышсыз ұшу аппараты Ливанның оңтүстігіндегі әл-Мансұри кентінде Пикап автокөлігін атуы салдарынан бірнеше адам жараланды.
Еуразия Тудейдің Lebanon Debate ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша бүгін жұма күні Израиль армиясының дроны Ливанның оңтүстігіндегі Эль-Мансури кентінде көлікке шабуыл жасады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуыл бірнеше адамның жаралануына соқтырды.
Дереккөзінің мәліметі бойынша, нысанаға алынған көлік металл қалдықтарын жинауға пайдаланылған және азаматтық мақсаттағы көлік болған.
Шабуылдан кейін Ливанның құтқару қызметтері оқиға орнына жетіп, жараланғандарды жақын маңдағы ауруханаларға жеткізді.
Сонымен қатар, «Lebanon Debate» тілшісі Израиль дрондарының Ливанның оңтүстігіндегі ірі қалалардың бірі Сайда қаласының үстінде төмен биіктікте жиі ұшып жүргенін хабарлады. Жергілікті дереккөздерінің айтуынша, бұл ұшулар аймақтағы қауіпсіздік жағдайын қатты шиеленістіріп жіберген.
Кеше де ақпарат көздері сионистік режимнің Ливанның шығысындағы Сахмар аймағындағы екі тұрғын үйге әуеден соққы бергенін хабарлады.
Сондай-ақ, сионистік басқыншылар Ливанның шығысындағы Машғара аймағына да ұшқышсыз ұшу аппаратымен шабуыл жасады.












