Йеменнің БАҚ бүгін, 20 сәуір, бейсенбі күні таңертең ел астанасы Санада кептелістен 78 адамның тұншығып қаза тапқанын хабарлады.
Йемен астанасы Санада бір кәсіпкер көмек тарататын жерге жиналғандардың саны көптігіне байланысты кептеліске душар болып, салдарынан 150-ден астам зардап шекті. Соның ішінде 78 адам қаза тауып, көптеген адам жараланды. Олардың 13-інің жағдайы ауыр деп хабарланды.
Йемен Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Халиқ әл-Аджри бұл оқиғаның себебін кейбір кәсіпкерлердің елдің Ішкі істер министрлігімен үйлестірместен, ақшаны жон-жосықсыз бөлуімен байланыстырды.













