Үндістанның Керала штатындағы Кочи қаласындағы музыкалық фестиваль кезінде адамдардың тапталуы салдарынан төрт адам қаза тауып, 60-тан астам адам жарақат алды.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, оқиға 25 қараша күні Кочи ғылым және технологиялар университетінде (CAST) кенеттен нөсер жауған кезде орын алған. Жаңбырдан бой тасалаған студенттер университет ғимаратын паналаған.
Алайда фестивальге қатысушылар университет залдарының біріне баспалдақпен көтерілгенде кептеліс болып, адамдар тапталып қалған.
Нөсерден қашқан 2 мыңға жуық адам бірін-бірі таптап, екі ортада 4 студент қаза тапқан. Агенттік штаттың Денсаулық сақтау министрі Вена Джордждың сөздеріне сілтеме жасап: «Төрт студент, соның ішінде екі ер және екі қыз бала қайтыс болды», — деп хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, оқиға салдарынан жарақат алған 60-тан астам адам ауруханаға жеткізілген. Тағы төрт студенттің жағдайы ауыр екені атап өтілді.
Айта кетсек, Үндістанда түрлі ірі іс-шаралар барысында адамдардың тапталып қаза табуы жиі орын алады.



















