Мәскеуде Серго Орджоникидзе атындағы Ресей мемлекеттік геологиялық барлау университетінде он бесінші Каспий энергетикалық форумы өтті.
Форум шеңберінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, геологиялық барлау жұмыстары, мұнай мен газды өндіру, өңдеу және тасымалдау, «жасыл» энергетика перспективалары және жабдықтардың импортын алмастыру мақсатында өзара іс-қимылға арналған сессиялар мен дөңгелек үстелдер өткізілді.
Мәскеуде өткен Каспий энергетикалық форумының жұмысына Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан, Түркіменстан және Иран өкілдері онлайн және офлайн форматында қатысты.
Каспий теңізі- ең үлкен тұйық су қоймасы. Каспий теңізі 5 мемлекеттің аумағында орналасқан. Олар – Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түркіменстан. Каспий теңізінің жалпы ауданы – 376 мың километр квадрат.
Теңізге 130-дан астам өзендер мен ағынды сулар құяды, олардың ішіндегі ең үлкені-Еділ, Терек, Сулак, Самур.



















