Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Asiaplustj сайтының мәліметіне сәйкес, Акбаржон Исмаилов Қазақстан тәжіктерінің республикалық этномәдени орталығын 2022 жылдың қыркүйегінен, яғни құрылған күннен бастап басқарды. Бұл орталық осы елде тұратын 100 мыңға жуық тәжік азаматын біріктіреді.
Исмаилов 1988 жылы Қазақстанда дүниеге келген. Кәсіпкер, үш компанияның негізін қалаушы.
2017-2022 жылдары Астанадағы тәжіктердің мәдени орталығының төрағасы болды.



















