Словакия Парламенті Спикерінің қатысуымен Алматыда Словакияның Құрметті консулдығы ашылды.
Халық Радасының спикері Борис Коллар бастаған Словакияның өкілді парламенттік делегациясының қатысуымен Алматыда осы елдің Құрметті консулдығы ашылды.
Ресми шарада Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Словакияның Қазақстандағы Елшісі Роберт Кирнаг қатысты.
Салтанатты рәсімге қатысушыларға арнаған сөзінде Борис Коллар Қазақстанның ірі қаржы, ғылыми-білім беру және туристік орталығы – Алматы қаласында словак құрметті консулдығын ашудың маңыздылығын атап өтті.
Парламент Төрағасы сондай-ақ өткен жылы екіжақты тауар айналымының 166 миллион еуроға дейін өскенін қанағаттанушылықпен атап өтті.
Роман Василенко Құрметті консулдықтың қызметі мәдениет, ғылым, білім, экономика және сауда сияқты салаларда Қазақстан-Словакия ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Бүгінде Қазақстанда словак капиталының қатысуымен 30-ға жуық компания табысты жұмыс істеп жатқаны ерекше атап өтілді.
Алматыдан басқа, Қазақстанда Словакияның Қарағандыдағы Бас құрметті консулдығы және Өскемендегі Құрметті консулдығы жұмыс істейді.



















