Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстан сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Бахтиер Саидовты республиканың сыртқы істер министрі етіп бекітті. Бұл туралы ӨР Президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді.
Хабарламада: «Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Саидов Бахтиер Одилович Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне бекітілді», — деп жазылған.
Сол күні Өзбекстан Олий Мажлистің заң шығару палатасының депутаттары Бахтиер Саидовтың кандидатурасын мақұлдаған болатын.
Бахтиёр Саидов 2022 жылғы 30 желтоқсаннан бастап Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарып келді.
Оның алдында 2021 жылғы 17 қарашадан 2022 жылғы 30 желтоқсанға дейін Өзбекстан Республикасы Халық білім беру министрі болды.



















