Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевпен кездесу өткізді.
ӨР СІМ баспасөз қызметінің хабаралуы бойынша сұхбат барысында тараптар Өзбекстанның Ұйымға мүше барлық мемлекеттермен тиімді ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.
Өзбекстан Президентінің ТМҰ шеңберінде алға қойған бастамаларын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ өзара іс-қимылдың болашақтағы басым бағыттарын қарастырды.
Түркі Мемлекеттерінің Ұйымы — түркі тілдес мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым. Түркі кеңесі 2009 жылдың 3 қазанында Нахшыван қаласында құрылған.



















