Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің соңғы жетістігі болып табылатын «Фаттах» гипердыбыстық зымыранының тұсауы кеше, 6 маусымда Иран Президенті Ибраһим Раисидің қатысуымен кесілді.
Ибраһим Раиси «Фаттах» гипердыбыстық зымыранының тұсауын кесу рәсімінде сөйлеген сөзінде «Иранның тежеуіш күші аймақ елдері үшін тұрақты қауіпсіздік пен бейбітшілік нүктесі болып табылады. Қорғаныс және зымыран өнеркәсібі Иранда жергілікті өндіріске айналды және бұл алдыңғы қатарлы саланы шеттету қаупі бар импорт емес»,- деді.
Бригада генералы Амир Әли Хаджзаде айтуынша, зымыран 1400 шақырым қашықтықтағы кез келген нысанаға дәл соққы бере алады. Сонымен қатар, зымыранды жоятын бірде-бір құрал жоқ. Зымыран екінші сатыдағы қозғалатын саптамасы бар қатты отынына ие болғандықтан, өте жоғары жылдамдыққа жетуге, сондай-ақ жаудың зымыранға қарсы жүйелерінің барлық түрлерін жеңу үшін жер атмосферасының ішінде және сыртында әртүрлі маневрлерді орындау мүмкіндігіне ие.
Гипердыбыстық зымырандар Ресей мен Қытай сияқты елдер шығаратын және басқаратын ең жаңа әскери қарулардың бірі болып табылады.
Иранның гипердыбыстық зымыран технологиясын іске қосуы революциялық даму болып табылады.
Өз кезегінде Батыс елдерінің сарапшылары Теһранның бұл мүмкіндіктеріне алаңдаушылық танытып отыр.
Айта кетерлігі, «Фаттах» деп аталған бұл зымыран дыбыс жылдамдығынан кем дегенде 5 есе тез және күрделі траектория бойынша ұша алады.



















