Бүгін Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Палестина Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Рияз Әл-Маликиді қабылдады.
Кездесу басында Рахмон Рияз әл-Маликидің Тәжікстанға сапарын құптап, Душанбеде Палестина мемлекетінің елшілігінің ресми ашылуымен құттықтады. Осы тұрғыда бұл қадам тараптар арасындағы түрлі саладағы жақсы қарым-қатынастарды дамытуға және кеңейтуге тиімді ықпал ететіні баса айтылды.
Кездесу барысында тәжік-палестина ынтымақтастығы мәселелерінің кешені талқыланды.
Тараптар сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
![]()




















