Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан және Финляндия құрамалары арасында өтетін ойынның төрешілері анықталды. 7 қыркүйек күні «Астана Аренада» өтетін маңызды матчқа румын төрешісі Раду Петреску қазылық жасайды, деп хабарлайды Мassaget.kz.
Ойында Радуға отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмектеседі, төртінші төреші – Марцел Бирсан.
Төрт ойыннан кейін «Н» тобында Финляндия және Қазақстан құрамалары 9 ұпаймен қатар келеді. Қосымша көрсеткіштер бойынша ғана финдер алда тұр.
Ойын Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де басталады.



















