Иран мен Ирактың Сыртқы істер министрлері Теһранда кездесіп, пікірлесті.
Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хосейн бүгін, қыркүйектің 13 күні таңертең елінің ресми делегациясын бастапы Теһранға келді.
Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның ресми тұлғаларымен кездесіп, сұхбаттасу үшін келген Фуад Хосейнді Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амирабдоллахиан Сыртқы істер министрлігінде қарсы алды.
Irna ақпарат агенттігінің хабарлауынша Иран мен Ирак делегацияларының сұхбаттарының қатарында екіжақты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу, әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту туралы пікір алмасу, аймақтық мәселелер мен екі тарап арасындағы қауіпсіздік келісімін Ирактың толық орындау процесі ең маңызды тақырыптар болып табылады.


















