Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров 18 қыркүйекте Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келді.
Қырғыз Республикасының Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Садыр Жапаров Америка Құрама Штаттарына БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясының Жоғары деңгейдегі апталығының іс-шараларына қатысу үшін келді.
Сапар барысында Мемлекет басшысы БҰҰ Саммитінің жұмысына, Тұрақты даму мақсаттары саммитінің көшбасшылар диалогына қатысады, БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы пікірсайыстарында сөз сөйлейді, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Америка Құрама Штаттарының Президенті Джо Байденнің қатысуымен өтетін бірінші Саммитке қатысады.
Сонымен қатар, Садыр Жапаров БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында бірқатар кездесу өткізеді, оның ішінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, шет мемлекеттер мен халықаралық қаржы институттарының басшыларымен кездеседі.




















